
БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ МАМЫР АЙЫНДА «ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ» ҚР ЗАҢЫ ҚАБЫЛДАНДЫ. ҚАБЫЛДАНУЫН ОН ЖЫЛДАН АСТАМ КҮТКЕН ОСЫ ЗАҢ КӨҢІЛДЕН ШЫҚПАДЫ ДЕП ТЕ АЙТУҒА БОЛАДЫ. БІРІНШІ СӨЗДЕРДЕН-АҚ СҰРАҚТАР ТУЫНДАЙ БАСТАЙДЫ. ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ – ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК НЕГІЗДЕРІН ҚОРҒАУДЫҢ, СОНДАЙ-АҚ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ ҚАУІПСІЗ ЖӘНЕ САПАЛЫ ТАУАРЛАРМЕН (ЖҰМЫСТАРМЕН, ҚЫЗМЕТПЕН) ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША ШАРАЛАРДЫ АНЫҚТАУ. ТАНЫС СИЯҚТЫ, ӘРИНЕ ДӘЛМЕ-ДӘЛ СӨЗДЕР БОЛМАСА ДА .... ҚР «ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНДА БЫЛАЙ ДЕЛІНГЕН – «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ПРОЦЕСТЕРДІҢ, ӨНІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІН АНЫҚТАЙДЫ». СӨЗДЕРІ ӘР ТҮРЛІ БОЛҒАНЫМЕН МАҒЫНАСЫ БІР. СОНЫМЕН ҚАТАР ӨНІМДЕРДІҢ, ЖҰМЫСТЫҢ, ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА БІЗДЕ БІРТАЛАЙ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТТЕР ҚАБЫЛДАНДЫ. ОСЫЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНА ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТАҒЫ ДА БІР ҚҰЖАТТЫ ҚАБЫЛДАУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР МА?
Қабылданған заң қажет деп ойлаймын. Бірақ ол «Тұтынушылардың құқығын қорғау» деп аталу керек сияқты. Сол кезде заңда көрсетілетін және де біз білетін бұрынғы заң бойынша тұтынушылардың мүддесін қорғауға көңілін бөлмейтін уәкілетті және басқа да мемлекеттік органдардың қажеттілігі болмайды.
Жоғарыда айтылғанмен байланысты заңның түп мәтінінде бұл заң тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталғанын және мемлекеттік органдардың, соттардың, өнім шығарушылар мен сатушылардың тұтынушылардың құқықтарын қамтамасыз етудегі әрекеттері мен жауапкершілігін анықтауға бағытталғаны туралы айтылуы қажет. Бұл ретте заңның бірнеше ережелері басқа нормативті-құқықтық актілерді қайталамай, шығып қалушы еді.
Енді, қолымыздағы нәрсенің мән- жайын қарастырып көрелік.
Біздің заңдарымыздағы «басқа да нормативтік-құқықтық актілерде» деген сөздерді алсақ. Бұл сөздер заңмен жақсылап танысуға мүмкіндік бермейді, өйткені бұл заңды тиімді пайдалану үшін басқа нормативтік- құқықтық актілердің барлығын пайдалану қажет (3-бап). Осы құжатты дайындаған құрметті тұлғалар, Конституцияда белгіленген мүдделерімді қорғау үшін, Президенттің және Үкіметтің тағыда да қандай заңдарын, актілерін оның баптарын нақтылап көрсете аласыз ба? Ал парламенттегі мырзалар, қатардағы азаматтарды қорғауға қатысты заңдар сол азаматтарға түсінікті болғандығын қалайсыздар ма? Осындай жағдайлардың барлығын айт-айтпа, ертең ол өзгертілген баптың басқа заңдардың баптарына қайшы келеркелмесіне кім кепіл?
Заңның 3-бабында және басқа да баптарында уәкілетті орган туралы айтылады. Бұл, заңда атауы көрсетілмейтін, бірақ тұтынушылар құқығын қорғау саласында басқаруды іске асыратын бір құпия орган. Тіпті осы заңда бұл органды кім тағайындайтынын және оның тағайындалуына кім жауапты екендігі туралы айтылмаған. Мүмкін, бұл жағдайларды заңға енгізу жауапкершілігін Парламент өзіне алғысы келмеген шығар.
Заңның 5-бабы уәкілетті органның құзіретін белгілейтін «сияқты» (мен тырнақшаны әдейі қолдандым). Бірақ мұның барлығы тұтынушыларды қорғауға нақтылы қатысы жоқ жалпы сөздер. Айтпақшы, осы бапта тұтынушылар құқығын қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру туралы айтылады. Оның мағынасы неде, оның дайындалуына кім жауапты және оның мазмұны қандай болу керек? Олармен таныссақ артық болмас еді. Заңда бұл туралы ештеңе де айтылмаған. егер де мемлекеттік саясат заңда келтірілген болса онда заңның өзі мемлекеттік саясатқа қаншалықты жауапты екендігін анықтауға болатын еді. Әрине, бұл қиял-арман ғой. Бірақ осы ресми анықтауларсыз мұның барлығы қарастырылып отырған мәселеге ешқандай қатысы жоқ жай сөздер.
Енді 6-бапты қарастырайық. Бұл бапта мемлекеттік органдардың құзіреті туралы айтылған, бірақ мұндай құзіретке қандай мемлекеттік органдар ие және тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайда олар кімге жолығу керек екендігі көрсетілмеген. Менің ойымша 6-бап «сілтемелер» жасау үшін құрастырылған сияқты. Осы баптың 1-тармағында мемлекеттік органдар тұтынушылар құқығын қорғау саласында нормативтік-құқықтық актілерді дайындайды делінген. Сонда қалай болғаны, бұл заңның жеткіліксіз болғаны ма әлде бұл заңды жетілдірудің қажеттілігі бар осы заңның нашар болғаны ма? Қосымшаларды қажет етпейтін заңды бірден неліктен қабылдамасқа?
Продолжении публикации в номере №4 (34) 2010.
Подать заявку на подписку журнала "Менеджмент Качества"